деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қойылымның режиссері театрдың бас директоры және көркемдік жетекшісі, ҚР Халық әртісі Есмұхан Обаев. Театрдың қазан айындағы реперутарына түрлі жанрдағы - "Қарагөз", "Махаббат дастаны", "Сыған серенадасы", "Көктөбедегі кездесу", "Қылмыс", "Күйеуіңізді сатыңызшы", "Мәңгілік бала бейне", "Мөлдір махаббат", "Бәкей қыз", "Құдалар", "Қазақтар, "Актриса" сияқты 21 шығарма еніп отыр. Өнер ұжымы қараша айында режиссер Қайрат Сүгірбековтің Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" трагедиясы бойынша қойылған "Махаббат дастаны" қойылымымен Кореяда өтетін халықаралық фестивальға қатыспақшы. Сондай-ақ жыл соңына дейін Тынымбай Нұрмағамбетовтің "Қожанасыр тірі екен" және Түнжер Жуженоғлының "Көшкін" драмаларын сахналауды жоспарлауда.