деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1897 жылы Ресей империясында алғашқы санақ болды. Соның дерегі жазылған. Алғашқы санақта өзбектер 726 мың, түрікмендер 280 мың. Сол кезде қырғыздарды қара қырғыз деп жазған және олардың саны 201 мың болған. Ал бізді қырғыз-қайсақ деген ол кезде. Сонда біз 4 миллион 84 мың болғанбыз. Ал енді 1926 жылдағы санаққа тоқталатын болсақ, жалпы Кеңес Одағында қазақтардың саны 3 миллион 968 мың адам, өзбектер 3 миллион 900 мың делінген. Сонда 30 жыл бұрынғы санақпен салыстырғанда қазақтардың саны кеміп тұр, яғни ешқандай өсім болмаған. Ал 700 мың болған өзбектер 4 миллионға жақындаған. Сондай-ақ 200 мың қырғыз 884 мың болып, 30 жылда 4 есе өсім берген. Ал сол кезде 4 миллионнан асқан қазақ неге өсім бермеуге тиіс. 26 жылдағы санақта қазақтың табиғи өсімі 16 миллион болуға тиіс еді», деді жазушы.
«Қазіргі күнге дейін 21-22 жылдардағы қырғын туралы көп айтылмайды. Бұл ашаршылық еліміздің геосаяси жағдайына, тіліне, діліне, қауіпсіздігіне, яғни барлығына әсер етті. Мінеки халықтың аздығы... Қазақты 20-30 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған ашаршылық тұралатып бітті», деді С. Елубай.