Қазақтың салт-дәстүрі туралы көрсетілім Польшада арнайы жүлдеге ие болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшада 1967 жылдан бері өтіп келе жатқан халықаралық «Faces of Traditions» ұлттық салт-дәстүрлер байқауына Қазақстан биыл алғаш рет қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Осы тұста байқауға қатысуға өтінім беріп, еліміздің атынан барған команданы ұйымдастырушы Ақбота Қалиевамен ҚазАқпарат тілшісі сұхбаттасқан болатын.

«Аталған байқау Польшаның батыс аймағындағы Зелёна-Гура қаласында жартығасырдан астам уақыт тұрақты түрде өтіп келеді. «Faces of Traditions»байқауында әрбір қатысушы мемлекет өзінің ұлттық салт-дәстүрі мен құндылықтарынқойылым, өнер және ұлттық тағамдар мен ойын арқылы көрсетеді. Қазақстан өзкезегінде бұл байқауға алғаш рет қатысты. Жалпы байқауға әлемнің 70-ке жуықелінен өтінім келіп түскен. Әділқазылар алқасы соның ішінен тек 6 елді (Литва,Словакия, Украина, Польша, Румыния және Қазақстан) ақтық сынға таңдап алды.Оның ішінде Қазақстан да бар. Байқауға өтінім беріп алып, біраз уақыт демеушііздедік. Нәтижесінде Алматы облыстық туризм басқармасы қолдау білдірді», - деді«Сарбаз рухы» тарихи-патриоттың клубының өкілі, байқауға Қазақстан командасыныңқатысуына ұйытқы болған Ақбота Қалиева.


Оның айтуынша, әсіресе еуропалықтар Ұлы Даланың махаббат хикаясы қойылымынерекше ықыласпен қабыл алған. Онда Айсұлу мен Медеттің сезімдері жайлыбаяндалады. Және хикая «Балқаш» эпосының негізінде жазылған.


«Байқаудың алғашқы күні ұлттық тағамдар шеберлігі ұйымдастырылды, онда бізбауырсақ, жент және ірімшікті ұсындық. Қазақтың ет тағамы неге болмады десеңіз,себебі бізге шектеулі уақыт берді, сондықтан оны дайындауға мүмкіндік болмады.Одан соң ұлттық ойындарға кезек келді, онда біз арқан тарту, асық ату жәнеқазақ күресін көрсеттік. Одан бөлек, өзіміздің бесікке салу мен тұсаукесердәстүрімізді ортаға салдық. Байқаудағы басты қойылым ол Айсұлу мен Медеттіңсезімінің негізінде құралған Ұлы Даланың махаббат хикаясы туралы қойылым болды.Бір аптаға созылған байқау нәтижесінде Қазақстан командасы арнайы жүлдеиеленді. Команда құрамында барлығы 15 адам болды», - деді ол.

А. Қалиеваның сөзіне сенсек «Сарбаз рухы» тарихи-патриоттың клубы бұғандейін де Қазақстанның атынан бірнеше халықаралық байқау, фестивальге қатысып,ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүр.

Соңғы жаңалықтар