Бүгін Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде «Бас редакторлар клубы» мүшелерімен кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлім етті.
«Қазақтың салт-дәстүрі ислам дінімен біте қайнасып тұр. Жалпы алғанда, қазақ салт-дәстүрінің өзі діннен алынған. Ата-бабамызды дінсіз деп те ешкім айта алмайды. Тіпті кейде бұл туралы келеңсіздікке де барып жатқандар да бар. Өткенде бір депутат ағамыз «қазақ даласында шариғат деген болмаған» дейді. Қалай болмаған? Біздің салт-дәстүріміздің барлығы хадис пен Құрандағы аяттардан алынған. Сондықтан да, біздің жастарымызға жақсы идеология керек. Қандай да бір жат ағымның жетегінде кетіп қалмауы үшін жеткіншек немен қарулануы керек? Ең бірінші ол қазақи болып жетілуі, тұла бойында қазақтық болуы керек. Қазақтың салт-дәстүрін бойына терең сіңірген бала басқа ағымдардың жетегіне ілесіп кетпейді», - деп атап өтті Ержан қажы Малғажарұлы.
Осы ретте бас мүфти «Дін мен дәстүр» атты бірінші кітап жарық көгенін айтып, осы кітаптың алдағы уақытта екінші-үшінші бөлімдерімен жалғасатынын жеткізді. Онда баланың дүниеге келгенінен бастап, ер жеткеніне дейінгі қазақтың салт-дәстүрлері тұтас қамтылып, бұл дәстүрлер исламның қайнарымен ұштастырылады. «Бұл біздің міндетіміз», - деді Бас мүфти.