Қазақтың шахматшы қыздары әлем чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода Польшаның Быдгощ қаласында биыл тоғызыншы мәрте жалауын көтерді.

Халықаралық шахмат федерациясы ұйымдастырған жарыс барысында қазақстандық спортшылар жылдам шахматтан А тобында сынға түсіп жатыр.

Қазір ел құрамасы қоржынында 4 жеңістен кейін 8 ұпай бар. Қазірге дейін олар Франция, Украина, Египет, Үндістан құрамаларынан басым түсті.

Енді қазақстандық шахматшылар топтық кезеңдегі шешуші ойында Грузиямен шеберлік байқасады.

Ал А тобында 7 ұпаймен АҚШ бірінші орында келе жатыр.

Шешуші турда Қазақстан Грузиямен сынға түседі. Ал В тобында 7 ұпаймен АҚШ 1-орында келе жатыр.

Екі жыл бұрын әйелдер арасында Испанияда өткен әлем чемпионатында Ресей құрамасы топ жарып, Үндістан құрамасы күміс медаль алған.

Қазірге дейін командалық әлем чемпионатында Қытай төрт мәрте топ жарып, бұл жөнінен көш бастап тұр.