«Гитарадан төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді.
Бағдарламада Т. Досымов туралы түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері, «Табылтануға талпыныс» атты бөлімде зерттеуші-ғалым, әдебиетші, қаламгерлер қазақтың тұңғыш бард ақынының шығармашылығын талдап, зерттелуі туралы ой толғайды. Сондай-ақ, кеште естеліктер айтылып, Табылдың әндері орындалады.
Кешке Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ғарифолла Есім, Мереке Құлкенов, Таласбек Әсемқұлов т.б қоғам қайраткерлері қатысады.