деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда оқу орнының студенттер мен оқытушылар қауымын құттықтауға Медеу ауданының әкімі Махамбет Байдәлі, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Венера Жексембекова, Алматы қалалық әкімшілігінің жастар саясаты департаментінің директоры Нұрбол Баймұқанов қатысты. «Биыл біздің университетке былтырғы жылға қарағанда 2 есе көп студент қабылданды. Атап айтқанда, жаңадан қабылданған 1200 студенттің 800-і мемлекеттік гранттың иегерлері», дейді университет ректоры Тілектес Есполов. Салтанатты жиын одан кейін «Тұран» ұлттық этнографиялық ансамблі, «Гүлбану» би тобы, «Жігер» әншілер тобы мен Мұрагер Сауранбаев сынды өнерпаздардың концертіне ұласты.