Қазақы жылқы тұқымын зерттеп жүрген профессор Қытайда тұрады – Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әдеттегідей, «ҚазАқпарат» ХАА шет елдерде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.


Қазақтың ұлттық киімдері Қытайдағы байқауда жүлделі орын алды - Қытайдың«Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайдың 30 облысынанкелген 21 ұлттың 440 өкілі қатысқан «Халық әндері мен ұлттық киімдер»фестивалінде қазақ ұлтының халық әні мен ұлттық нақыштағы киім үлгілері жүлделіорындарды жеңіп алды, деп хабарлайды Қытайлық kazakcnr.com сайты.

Дереккөзге қарағанда,фестиваль Қытайдың Моңғол-Тибет автономиялы облысында өткен.

«Халық әндері мен ұлттықкиімдер» фестиваліне Қытайдың Іле қазақавтономиялы облысының өкілдері қатысып, қазақ ұлтының киім мәдениеті мен әнөнерін үлкен сахнада көрсетіп, әр ұлт мамандары мен көрермен халықтың қызу қолдауынабөленді. Екі күнге жалғасқан фестивальде ұлттық киімдер байқауы бойыншақазақтың ұлттық нақыштағы киім дизайнерлері 2-ші дәрежелі жүлдеге, ал халық әндері байқауы бойынша, дәстүрлі әншілерӘбдібақыт Сұлтанбекұлы, Тілеуқабыл Сәрсенбекұлы, Дина Азатқызы секілдіқатысушылар «Халық әндер жұлдызы» сыйлығына ие болды», - деп жазады CNR.


Ташкентте Ресейдің ұлы князі Романовқа қатысты құжаттар табылды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Жақында Өзбекстан астанасыТашкент қаласында өткен ғасыр тарихын меңзеуші өте құнды тарихи қазыналартабылған еді. Олардың қатарында Ресейдің ұлы князі Романовқа және ШығысТүркістан өлкесіне қатысты құжаттар бар екені анықталды, деп хабарлайдыӨзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, бұлтарихи қазына Орталық Азия аймағында табылған соңғы жылдардағы өте құндыжәдігердің бірі болғаны сөзсіз. Өйткені бұл қазына құрамында Ресей империясынатікелей қатысы бар болған ұлы тұлғаларға тиесілі заттармен қатар, Ресейимпериясы тарапынан қуғын сүргінге ұшыраған Шығыс Түркістанның белгілітұлғалары (жәдиттер) жазып қалдырған қолжазбалар және құнды карталар даұшырасты. Сонымен бірге әлемнің екінші ұстазы әл Фараби мен Шығыстың ұлы ойшылыхам шайыры Әлішер Науаидың атымен байланысты құнды құжаттардың да сақталғанығалымдар тарапынан өте қызу талқыға түскен.

Бұл атаулы қазынаныӨзбекстан Ұлттық университетінің 4-курс бітірушісі, тәуелсіз археолог, ғылымиқызметші 23 жастағы Мухаммадбабыр Юсупов 3 жылдық зерттеулері нәтижесіндеТашкент қаласының орталығындағы ескі ғимараттардың біріндегі жертөлесінентапқан.


Қазақы жылқы тұқымын зерттеп жүрген профессор -«Орталықхалық радиосы» (CNR)

Қытайлық kazakcnr.comсайтында Қытайда тұратын қандасымыз, сол елде қазақ жылқысын зерттеп жүргенғалым, «Тарым» университетінің профессоры Гіміңгүл Мұқантайқызы туралы мақалажарық көрді.

Қуандық Көбенұлының«Такла-Маканда тамыр тартқан ғылым докторы» атты мақаласында, Ауыл шаруашылығығылымдарының докторы, қазақ жылқысын зерттеп жүрген белгілі ғалым ГіміңгүлМұқантайқызының өмірбаяны мен еңбек жолы,жетістіктері туралы жазылған.

«Гіміңгүл Мұқантайқызы -1971-жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданында туған. Қытайдың Тарымуниверситетінің Мал шаруашылығы ғылым-техника институтында білім алған. Ол анатілінен бөлек қытай, орыс, ұйғыр тілдерін жетік меңгерген. ГіміңгүлМұқантайқызы 18 жылдан бері жылқы тұқымын зерттеумен айналысып келеді. ОлҚытайдағы қазақы жылқыдан қан алу, өлшеу, тарихын, гендік типін, қасиетінайыруға дейін зерттеу арқылы бірқатар нәтижелерге қол жеткізген. Соның негізіндежылқы тұқымын зерттеушілерге және мемлекеттік жылқы шаруашылық қоғамына байырғыжылқы тұқымын қорғау, дамыту жайлы құнды ұсыныс, өтініш берген. Ал 2000 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияелдеріне барып жылқы шаруашылығын зерттеумен шұғылданып, білімін, іс-тәжірибесінмолайтуға ден қойған», - деп жазады автор.

Аталған мақалада, ГіміңгүлМұқантайқызының зерттеу еңбектерінде қазақы ауыл жылқыларын мәстек, шегінгентұқым деген сияқты керенау, теріс пікірлерге қарсы дәлелді дәйектер ұсынылғаныжазылған. Сол арқылы ғалым жұрттың назарын жергілікті жылқыға көңіл бөлугеаударған.

«Гіміңгүл Мұқантайқызықазақы жылқы түлігінің келешегі үшін алыс сапарларға шығып, үлкен ізденістержасады. Алтай, Тарбағатай, Баркөл, Мори, Санжы өңірінде тынбай зерттеужүргізді. Ол Тарбағатайдың Толы ауданы мен Алтайдың Шіңгіл ауданындағы шұбар жылқы және Көктоғай, Қабааудандарындағы ақбоз жылқы, жирен жылқы, ала жылқы секілді жылқы тұқымдарыныңбайырғы қазақ жылқысының ерекше түрі екенін байқап оны қорғау, құтқаружұмыстарын қолға алды. Ғалымның осы тақырыпта жазған ғылыми еңбектері Қытайжылқы қоғамы мен Қытай ғылым академиясының жоғары бағасына және қолдауына иеболған. Г. Мұқантайқызы 2014 жылы «Қытай жылқы шаруашылығы» атты оқулыққа«Қытайдағы қазақы жылқы тұқымы» деген екі тарауды енгізуге өз үлесін қосқан.Сондай-ақ, 40-тан астам ғылыми мақалалары Қытайдағы басылымдарда жарияланса, 5мақаласы халқаралық жаратылыстану ғылымына арналған беделді басылымда жарықкөрген. Екі тақырыптағы ғылыми еңбегіне патент алған», - деп жазады автормақаласында.

Шыңжаңнан Қазақстанға тұңғыш жүк ұшағы қатынады -«Жэньминь жибао» (People Daily)

Қытай ХалықРеспубликасының Үрімжі қаласынан Қазақстанның Алматы қаласына тұрақтықатынайтын жүк ұшағы алғашқы рейсін 4 -ші шілде күні сәтті орындады, депхабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

«4 -ші шілде күні ҚХРШыңжаңның орталығы Үрімжі қаласынан шыққан 757-200 боинг жүк ұшағы бір жарымсағат ұшып Қазақстанның Алматы қаласына сәтті қонды. Ұшаққа «Шыңжаң Жұңхы затайналымы» ЖШС-ның халықаралық пошта жүктері тиелген. Үрімжі–Алматы жүк ұшақжолының ашылуы, шыңжаңдық сауда кәсіпорындарының, компаниялардың Орталық Азияғажәне Қытай – Еуропаға «кеңістік көпірін» салуының жарқын бастамасы.Сондай-ақ, Шыңжаң өлкесінің экономикасындамытуға серпінді күш береді», - деп жазады People Daily.

Қазақстан Иран мен Парсы шығанағы елдер арасындағы саудаүдерісін жеңілдетті - «Фарс» ақпарат агенттігі

Иранның оңтүстігіндегіБандар-Аббастағы Қазақстанның консулдық бөлімінің басшысы Қазақстанның Иранныңоңтүстік облыстары мен Парсы шығанағы жағалауындағы елдер арасындағы саудаүдерісін жеңілдеткені туралы хабарлады, деп жазады parstoday ақпарат агенттігі.

ИРНА ақпарат агенттігініңмәліметінше, Бандар-Аббастағы Қазақстанның Консулдық бөлімінің басшысы ИранныңБушеһр облысының экономика саласындағы белсенділерімен кездескен. Онда ол:«Қазақстан мен Парсы шығанағы аймағы елдері арасындағы сауда істердіжеңілдететін транзит терминалы іске қосылады. Қазақстанның Қытай мен Ресейсынды халқы көп елдердің ортасында орналасуы басқа елдерді Қазақстанмен саудаынтымақтастық етуге тартымды ететін фактор болып табылады. Қазақстан Иранныңөнімдерін Қытайға экспорттауға көмектесетін қолайлы жағдайға ие»,- деді.

Ыстанбұл Еуропаның ең қонақжай қаласы атанды – TRT

Ыстанбұл Еуропаның еңқонақжай қаласы атанды. Қала 10 ұпайдың 8,6-сын жинады, деп жазады Түркия РадиоТелевизия мекемесінің порталы.

Аталған дереккөздіңмәліметінше, Швейцариядағы Басель Қоғамдық және экономикалық институт тарапынан«Әлемдік әлеуметтік капиталды бақылаудың 2019» есебі жарияланған. Институт«Әлеуметтік климат, адамдар арасындағы сенім, экономикалық үнемдеусаясаттарының қабылдануы, салық төлеуталабы, жергілікті экономикағаинвестиция, қол ұшын беру, достық және қонақжайлық» тақырыптарындаинтернет қолданушыларына сұрақ қойып, баға беруін сұраған.

Осыған орай мемлекеткесалықтармен ортақ қаржы қамдау тақырыбында талапты елдер тізімінде Түркия 6,6ұпаймен, Германия (6,4), Франция (5,1) және Италиядан (5) алда келді.

Осы тақырыпта ең жоғарыбаға Қытайға берілді. Қытай мемлекеткеқолдау беру тақырыбында 10 ұпай жинады.

Қонақжайлық критериіндеЖапония мен Грекия 10 ұпайдан алды. Түркия болса 8,1 ұпаймен Еуропадағы ең қонақжай елдердің бірі атанды.

Ел ретінде қонақжайлықұпайы Испанияда 7,7, Ресейде 7,6, Голландияда 6,8, Францияда 5,5 және Израильде2.

15 миллион тұрғын саныменЕуропаның ең ірі қаласы Ыстанбұл 8,6 ұпай алып, құрлықтың қонақжай қаласы атанды.

Қонақжай қалалар арасындаПариж 8, Мәскеу 7,5 және Берлин 5,3 ұпай алған.

Бақытжол Кәкеш

Соңғы жаңалықтар