Қазалы маңында ғарыш аппаратының сынықтары табылды
09:50, 06 Қараша 2013
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылынан 3 шақырым жерде ғарыш аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған жер қоршауға алынды. Жұмыс комиссиясы құрылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.