Қазалыда 262 млн. теңгеден астам мүлік заңдастырылды
23:23, 28 Наурыз 2016
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні мүлікті заңдастыру акциясы бойынша Қазалы аудандық әкімдігі жанынан құрылған комиссияға 171 өтініш түскен.
Оның ішінде 37 өтініш кері қайтарылып, 1 өтініш бойынша мүлікті жария етуден бас тарту туралы шешім қабылданған. Комиссия тарапынан 133 құжат бойынша 262 млн 101,7 мың теңгенің мүліктерін жария ету туралы шешім қабылданды, деп хабаралайды Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.