Қазалыда ипотекалық үйлер саны көбейіп келеді
10:28, 20 Қаңтар 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген 90400,0 мың теңгеге 20 ипотекалық тұрғын үй салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда қазірдің өзінде 9 отбасы баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады. Аталған тұрғын үйлерді алу кезегіне 24 үміткер тіркелген. Ал қалған отбасылар үй құжаттарын рәсімдеумен айналысуда.