Қазалыда кандидаттар кәсіпкерлік саласы өкілдерімен кездесті
Кандидаттар кездесу барысында «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен таныстырып, жоспарлы жұмыстың басым бағыттарына тоқталды.
«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен жыл сайын 300-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқыту, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 15 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсынуға жағдай жасалады» дейді кандидат Кәдірхан Төлемісұлы.
Кәсіпкерлік саласының өкілдері айтылған бағдарламалар аясында қосымша сұрақтар қойып, қажетті кеңес алды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді.