Қазалыда қарттарға қайырымдылық жасалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазалы ауданында жалғызбасты қарттар мен мүгедек азаматтарға жанашырлық көрсету ісі жолға қойылған.
Ауданда осындай санатқа жататын 207 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Қазалыдаму" қорынан "Қамқорлық" қарттар үйіндегі 6 зейнеткердің ас-ауқатына 20 мың теңгеден қаржылай қолдау жасалып жүр. Ал "Петро Қазақстан" компаниясы "Шапағат" мүгедек балаларды сауықтыру орталығын өз қамқорлығына алған. Аудан әкімдігі орталықтың жылуға берешегін өтеп, тұрмысқа қолайлы ғимаратқа орналасуына жәрдем жасады. Сонымен қатар, былтыр 11 млн. 151 мың теңге көлемінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетілді.