Қазалыда мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындарға үгіт жұмыстарын жүргізді

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Еңсепов Кәдірхан мен Ержігітова Жанат Әйтеке би кентіндегі «Мечта» сауда орталығында аудан тұрғындарына үгіт жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кандидаттар тұрғындарды партияның бағдарламасымен таныстырып, үнпарақтар таратты.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарды қабылдап, айтылған мәселелердің тиісті орындар арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Nur Otan партиясы әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруды мақсат етіп отыр», - деді кандидат Кәдірхан Төлемісұлы.