Кездесу барысында Әйтеке би кентінің тұрғыны Бақтыбай Сейсенкүл ерекше балаларға арналған ресурстық инклюзивті орталықтар ашу мәселесін көтерді.
Тұрғынның мәселесіне орай, кандидат Бақытжан Дүзелбайұлы алдағы 5 жылға жоспарланған бағдарлама аясында инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пункттерді ашуға және оларды арнайы мамандармен қамтамасыз етуге жағдай жасалатындығын жеткізді.
Үміткерлер партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасын тұрғындарға тыңғылықты түсіндіріп, ұсыныстар мен сауалдарға түсініктемелер берді.