Қазалыда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Дәулет Энерго» ЖШС-інде «Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұхашев Ерболат, Иманалиева Гүлдәрі және Түсіпбекова Аида еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кандидаттар партияның 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын кеңінен таныстырып, ұжымның ұсыныс тілектерін де тыңдады.

«Партия бағдарламасы аясында 2023 жылы 33 шақырым, яғни Әйтеке би кенті электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы электер желілерінің тозу деңгейін 74 %-дан 72 %-ға азайту міндетін қойып отыр.»-деген кандидат Гүлдәрі Иманалиева жаңалықтардың нәтижелі болуы үшін ұжымды бірауыздан алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Партияның нақты істеріне куә болып жүрген азаматтар мен азаматшалар алдағы атқарылар істерге сенім білдіріп, сәттілік тіледі.