ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде полтиэтилен пакетіне оралған нәресте табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрғындар көшеде іңгәлаған нәрестенің дауысын естиді. Сол сәтте оны көшедегі мысықтар жеуге оқталған екен. Соны байқаған тұрғындар дереу көмек шақырған. Тіпті нәрестенің кіндігі де кесіліп үлгермеген. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, тәртіп сақшыларына хабар берді.
Қазіргі таңда көшеден табылған нәресте аудандық аурухананың перзентханасына жатқызылды. Оған дәрігерлер Рамазан деп есім қойып үлгерді.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Бақытгүл Алишеваның айтуынша, алған анализдер бойынша нәрестенің денсаулығы қалыпты, оның салмағы 2 келі 700 грам. Қызылорда қаласындағы сәбилер үйіне өткізу мақсатында құжаттар дайындалып жатыр.
Қазалы ауданының әкімдігі аталмыш оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.