ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 15 қарашада «Ару-Илия» сауда орталығында болды. Сауда орталығының бірінші қабатындағы төбе жабыны өртенген. Төбе жабыны декор және ағаштан жасалған.
«Өрт жоғары қабаттағы және өзге де бутиктерге жайылу қаупі туындаған. Өрт сөндірушілердің жедел іс әрекетінің арқасында қауіп сейілді.
Оқиға салдарынан қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Естеріңізге сала кетелік, биылғы маусым айында Қазалыдағы орталық базардан өрт шыққан болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.