Аталмыш салтанатты рәсімге Қызылорда облысының Қуанышбек Ысқақов қатысты. Көпір Әлсейіт учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтеді. Темір-бетон арқылы жасалған көпір 2 жолақтан тұрады. Жалпы ұзындығы - 219, ені 12 метрді құрайды.
Айта кетерлігі, аталмыш көпір енді Қазалы ауданындағы - 7, Арал ауданындағы 6 елді мекенді Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентімен жалғастырады.
«Дана халқымыз ежелден шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған. Жолға ағаш егуді де сауапты істің бірі деп санады. Өткен ғасырларда Сыр бойында көпір құрылысы ел игілігіне айналды. Қараөзек тұсында «Сауранбай көпірі», Жосалы кентінде «Қармақшы өткелі», Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылынан жоғары «Оспан көпірі», Қазалыдағы «Нұрқожа көпірі» - ел жадында қалған тарихи жәдігерлер. Бүгінде біз ата-бабамыздың көпір салу дәстүрін заманауи үлгіде жаңғыртып, дамытып келеміз. Соның бір дәлелі ретінде Сырдарияның қос жағалауын байланыстырып, жаңа қаланың құрылысына жол ашқан зәулім көпірді айтуға болады», - деді облыс әкімі.
Дәл осы күні Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне айналды. Салтанатты рәсім барысында 18 тұрғынға үйдің кілтін табыс етілді. 18 пәтерлі көпқабатты 6 тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Тұрғын үйлерді халыққа беруде негізінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасыларға басымдық берілді.
Бұған дейін қызылордалық диқандар Еңбек Ері Сәлима Жұмабековаға көлік мінгізгені хабарланған болатын.