ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 4 қыркүйекте аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов және Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.
Көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам дене жарақатын алды.
«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Бұл бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жол-көлік оқиғасының алдын алу бағытында бөлімнің күшейтілген түрде жұмыс атқарып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып, мерт қылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.