Қазалыдағы 32 ескерткішке QR-код орнатылды

Фото: None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге QR-коды бар тақтайшалар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мұндай QR-кодыбар тақтайшаларды «Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаужөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазалы ауданының 32 ескерткіші ментарихи-мәдени нысанына орнатты. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасабереді, себебі ауданда бұдан өзге де 63 мәдени-тарихи зор мәнге ие орындар менескерткіштер бар», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініңмәдени және рухани ескерткіштерді қорғау жөніндегі әдіскері Бекет Табынбаев.


Былтырдан бастап«Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары бойынша «Қазақстанныңкиелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында нақты жұмыстар қолға алыныпкеледі. Осы мақсатта Қызылорда облысында тарихи-мәдени мұраны қорғау саласын сандық форматқа көшіру мақсатындаоблыстық жобалық кеңсе бойынша 2 жобажүзеге асырылып жатыр. Оның бірі - облыс көлеміндегі тарихи­ және мәдениескерткіштерге QR-код орнату жобасы аясында 150 ескерткішке QR-код орнатылды.

Бұдан бұрынСығанақты зерттеу барысында бірқатар жаңа деректер анықталған еді.