Қазан айы Ауғанстандағы американ армиясы үшін ең сәтсіз ай болып отыр

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Қазан айы Ауғанстандағы американ армиясы үшін ең сәтсіз ай болып отыр. 27 күннің ішінде Ауғанстанда 55 американдық әскери қызметкер қаза тапты, бұл 8 жылдағы ең жаман көрсеткіш болып табылады,

деп хабарлайды    РБК агенттігі. 

Дүйсенбі күні    тікұшақтармен  байланысты   түрлі  оқиғалардың салдарынан 14 адам қаза  тапса,  сәрсенбі күні американдықтар  тағы 8 жауынгерінен  айрылды.   Жауынгерлерге шабуыл    Қандағар  провинциясында  жасалды.  Американ  қолбасшылығы     бұл оқиғаның  мән-жайы  туралы  хабарлаудан бас тартып отыр.  Бірақ   жауынгерлердің  бір бөлігі тәлібтердің Stryker   сауытты техникасын   жоюының  нәтижесінде  қаза тапқаны  туралы ақпарат  пайда  болды.