Қазан айында Астана қаласы бойынша күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі 21 688 теңгені құрады

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Елордада қазан айында күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі 21 688 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика департаментіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

«Халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі қазан айында негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төмен мөлшерінен алып есептегенде өткен аймен салыстырғанда 0,8% төмендеді, 2012 жылдың қазан айымен салыстырғанда 1,0% өсті»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, ет пен балық сатып алуға жұмсалатын шығындар үлесі 21,2%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа 14,1%, жемістер мен көкөністер 16,0%, нан мен жарма өнімдері 6,9%, қант, шай мен қоспалар 1,8% құрады.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі 21 857 теңгені құраған. Аталған мерзімде ет пен балық сатып алуға жұмсалатын шығындар үлесі 21,0%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа 13,8%, жемістер мен көкөністер 16,7%, нан мен жарма өнімдері 6,7%, қант, шай мен қоспалар 1,8% болған.