Қазан айында Астанада «Азия Парк» ойын-сауық сауда орталығы ашылады

None
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада халықтың орта ауқатты бөлігіне арналған «Азия Парк» ойын-сауық сауда орталығының құрылысы аяқталды.
Орталық биыл қазан айында пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін сауда кешенінің басқарушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кешен Қабанбай батыр мен Достық көшелерінің қиылысында орналасқан. «Азия Парк» орталығының директоры Арман Махановтың айтуынша, баға саясаты жағынан мұнда басқа сауда кешендерінен әлдеқайда төмен, қала тұрғындарының орташа тұрмысты өкілдеріне қолжетімді, заманауи сауда- думан орталығында сауда орындары, фитнес клубтар, кинотеатрлар және ойын-сауық орындары орналасады.«Біздің түпкі мақсатымыз - халықтық кешен салу болды. Келушілерге барлық қызметтер ұсынылады. Жаңа технологиялармен жабдықталған 5 кинотеатр, соның ішінде 3-4-уі сандық, 3D залдар болады», дейді А.Маханов.Санкт-Петербург қаласында кеңінен қолданысқа енген кинодискотекалар ашу жоспарланған.