деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне сілтеме жасап.
Жастардың бойында отаншылдық сезімін арттыру және олардың мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге деген ынта-жігерлеріне қолдау көрсету; мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін көтеру және қолданыс аясын кеңейту; жастарды қазақ тілінде сөйлеуге шақыру; білім беру және мәдениет салаларында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал ету акцияның басты мақсаты болып табылады. Акцияға елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттардың, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының, түрлі мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, БАҚ-тардың өкілдері қатысады.