Бұл Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін жаңарту және дамыту жөніндегі Қазақстанның өзара тиімді халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған алғашқы ауқымды шара.
Айта кету керек, бағдарламаның негізгі міндеттері - қолданыстағы коммуналдық жүйелерді жаңарту және дамыту, көппәтерлі тұрғын үйлердің жөнделуін және күтілуін қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларды сумен жабдықтау және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін арттыру үшін институционалдық негіздер құру болып табылады.