Қазан айында «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбыры іске қосылады - «ҚазТрансГаз»

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қазан айында «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбыры іске қосылады. Бұл туралы журналистерге сұхбат берген «ҚазТрансГаз» компаниясының бас директоры Серік Сұлтанғали мәлім етті.

«Иә, қазан айында біз Батыс Қазақстан облысының жобасы - «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының механикалық іске қосуын орындаймыз. Оның арқасында, ең алдымен, әлеуметтік мәселелер, ол - құбыр бойымен орналасқан 500-600-ге жуық елді мекенді газбен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. Ал газдың қалған бөлігі экспортқа шығарылады. Елге табыс әкелу керек қой», - дейді С.Сұлтанғали.