Қазан айында «Хандар шежіресі» кітабы таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл күзде «Хандар шежіресі» кітабы таныстырылады. Бұл туралы бүгін Астанада «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов мәлім етті.

«9 қазанда Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін үлкен шараның аясында «Хандар шежіресі» кітабын таныстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл туынды ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесе жүзеге асырылып отыр. Осы кітап үлкен ғылыми құндылығы бар қолжазба», - деді Н. Шаяхметов. Оның сөзіне қарағанда, бұл кітап еліміздегі кітапханаларға және оқу орындарына таратылады. «Онда барлық хандар қамтылған. Болашақта бұл қолжазба зерттеушілер үшін ғылыми құндылық ретінде өте қажет болады деген ойдамын»,-деді ғалым.