ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция қазанда 0,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ол 0,2 пайызды құраған болатын. Төртінші тоқсанның басында азық-түлік тауарлары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,6 пайызға, ақылы қызмет көрсету 0,9 пайызға өсті. Былтыр ол азық-түлік тауарларында 0,3 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарларда 0,1 пайыз, ал ақылы қызмет көрсетуде 0,4 пайызды құраған еді.
2012 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 4,6 пайыз көлемінде болды. Былтырғы қаңтар-қазанда ол 6,5 пайызды құраған болатын. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 3,8 пайызға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,8 пайызға (4,4%), ақылы қызметтер 7,5 пайызға (6,7%) қымбаттап отыр. Ал соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 4,9 пайызға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,7 пайызға (5,3%), ақылы қызметтер - 8,1% пайызға (7,3%-ға) көтерілген.