«Біздің өңірімізді, Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысатын беделді шетелдік ғалымдарды шақыру маңызды болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар ірі түркологтарды да неге шақырмасқа?» - деді М. Тәжин.
17:30, 25 Қыркүйек 2013
Қазан айында Қазақстан тарихшыларының конгресі өтеді - М. Тәжин
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қазан айында алға қойылған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру мәселелеріне арналған тарихшылар конгресін академиялық деңгейде ұйымдастырып өткізу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин айтты.