Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орташа халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2009 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға, ал 2008 жылғы қазанмен салыстырғанда 1,6 пайызға азайған.
Күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,5 пайыз, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі - 14,9 пайыз, жемістер мен көкөністер - 14,9 пайыз, нан өнімдері - 9,1 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,6 пайызды құраған.