Мәліметтерге сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы 31 қазанға дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетті.
«Оның 105,2 млрд теңгесі (шамамен 92,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (7,6%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», - делінген баспасөз баянында.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.