Қазан айында нақты ақшалай табыстар 4,8 пайызға өсті

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 45910 теңгені құрап,

2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,2 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстар 4,8 пайызға өсті. Бұл туралы статистика агенттігінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы қазанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда тұр. Аталмыш өңірлерде осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3-1,6 есеге артық. Сондай-ақ, 2011 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Аталған өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 62,2 пайыз және 75,0 пайызды құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында белгіленді.

2011 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,7 есені құрады. Ескере кететін жайт, 2010 жылғы қазанда бұл көрсеткіш 3,6 есені құраған болатын.