5 қазаннан бастап Астанада ауа райының төмендеуi күтiлуде. 8 қазан күннен түнгi уақыттарда ауа райы тұрақты түрде 0-ден төмен болады. Сондықтан нормативтiк құжаттарға сәйкес бiз тәулiктiк ауа температурасы 9 градус шамасында үш күн бойы сақталған жағдайда жылу маусымын бастау туралы шешiм шығарамыз. Бiз жылу маусымының басталғанын мүмкiн қазан айының 5, 6, 7 күндерi жария ететiн боламыз", - дедi В.Крылов.
Оның айтуынша, елордадағы барлық кәсiпорындар жылу беруге дайын.
"Астана қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету кәсiпорындарын алдағы жылыту маусымына дайындау бекiтiлген кестеге сәйкес жүрiп жатыр. Қазiргi уақытта жалпы тұрғын үй қоры дайын, бұл - орталықтан жылумен жабдықталатын 2015 көппәтерлi тұрғын үй, сондай-ақ 170-тен астам бiлiм, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары", - деп атап өттi ол.