Қазан айының басында Конфедерация кубогы басталады
Естеріңізге сала кетейік, шілде күні Астана қаласында конфедерация кубогының жеребесі тартылған болатын.
Аталған жарыста еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады.
16 команда 4 топқа бөлініп қазан айында Ақтау, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады.
Астанада Конфедерация кубогы жеребесі:
А тобы: БҚО, Алматы облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы;
B тобы: СҚО, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО;
С тобы: Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы, ОҚО;
D тобы: Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы
Іріктеу кезеңдері келесідей өтеді:
7-8 қазан - Тараз қаласы D тобын қабылдайды
14-15 қазан - Талдықорған қаласы А тобын қабылдайды
21-22 қазан - Шымкент қаласы С тобын қабылдайды
28-29 қазан - Ақтау қаласы В тобын қабылдайды
Жүлде қоры 125 000 000 теңгені құрайды. Спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 000 000 теңгеге ие болады.