Қазан қаласында авиаапат құрбандарына ескерткіш орнатылады

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазан қаласында 'Росавиация' Татар аймақаралық аумақтық басқармасы жанындағы қылқан жапырақты сквердің орталығында әуежай маңында 17 қарашада авиаапатта қаза болғандарға ескерткіш орнатылады. Мемориал қайғылы оқиға орын алған жерде келесі жылдың көктемінде пайда болуы тиіс, деп хабарлады Утро.ру.

Бүгінгі күннен басталған акция кезінде тілек білдірушілердің барлығы ескерткіштің макетін немесе нобайын ұсына алады, ал оған Қазандағы "Мемориал" қоғамдық ұйымы арқылы қайырымдылық қаржысын жинау 26 желтоқсанда басталмақ.

Ескерткіш орнатуға Ресей азаматтық авиациясының "Татарстан-аэро" ААҚ инженер-авиациялық қызмет қызметкерлерінің кәсіподағы бастамашы болды. Бұдан бұрын "Татарстан" авиакомпаниясының баспасөз қызметі монумент келесі жылдың көктемінде тұрғызылатынын және оның жобаларының бірі қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің есімдері жазылған үш стелла тұріндегіі ескерткіш жақында республика үкіметіне бекітуге жіберілгенін хабарлаған болатын.

"Домодедово" әуежайынан №363 рейсті орындайтын "Татарстан" авиакомпаниясының "Боинг 737" ұшағы 17 қарашада Қазанға қонар кезде апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында 44 жолаушы және алты эипаж мүшесі болды, олардың бәрі де қаза тапты.

Құрбан болғандардың арасында - Татарстан президентінің ұлы Ирек Минниханов, республика бойынша ФҚҚ басқармасының бастығы Александр Антонов, "Ресей-2" түсіндірмешісінің әйелі қызымен, ресейлік мектеп оқушыларына білім мәселелері бойынша кеңес беріп жүрген британдық Донна Каролина Булл, Украина азаматшасы Маргарита Ошуркова, ЖЭМ университеттік менеджмент орталығының директоры Евгений Князев пен оның әйелі - Орталықтың аға ғылыми қызметкері Наталья Дрантусова, сондай-ақ танымал технолог-жаңғыртушы Татьяна Мангушева болды.

Тергеу әуелде лайнердің апатқа ұшырауының бес ықтимал себептерін атады: ұшу қателігі, ұшақтың техникалық ақауы, сапасыз отын, жерүсті қызметтерінің жұмысы және ауа райы жағдайы. РФ Тергеу комитеті лаңкестік акті болуы мүмкіндігін бірден жоққа шығарды. Кейіннен лайнердің шығарылған кезі де (ол 1990 жылы шығарылған) авиаапат себебі бола алмайтыны анықталды.

Бұдан кейін Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары Қазандағы авиаапаттың себебі ұшқыштың тәжірибесіздігінен болды деген мәлімдеме жасады. Ол қиын жағдайда дүрыс шешім қабылдай алмай ұшаққа бақылаудан айырылып қалуы мүмкін. Дегенмен, МАК сараптаманың ресми нәтижелерін және қайғылы оқиғаның себептерін әлі де айтқан жоқ.

Ұшақтың апатқа ұшырауы себебінен Ресейавиацияның Татарстан бойынша аймақаралық басқармасының басшысы Шавкат Умаров отставкаға кетті, "Татарстан" ААҚ авиакомпаниясының бас директоры Аксан Гиниятуллин қызметінен босатылды. Авиакомпанияны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, дегенмен қаулы бірнеше айдан кейін ғана күшіне енеді.