16:11, 18 Қараша 2013
Қазан қаласындағы әуе апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының ақпаратына сәйкес, әуе апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
«Теміртау қаласында туған Юрий Бурдинға қатысты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығын хабарлаймыз», - делінген министрлік мәліметінде. Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында ол Қазақстан азаматы деп хабарлағн болатын. 2013 жылғы 17 қарашада Қазан қаласының әуежайында Боинг 737 ұшағы қону барысында апатқа ұшырады. Құлаған ұшақ бортында 44 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, оның барлығы да қаза тапты.