ҚАЗАН. ТАСС – ҚазАқпарат - Татарстанның жоғарғы соты Қазандағы мектепте қарудан оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Галявиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалсын», - деді судья.
Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты – жеті оқушы мен екі мұғалім.
Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.