«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы қазанда 79,4 мың адам қабылданып, түрлі себептермен - 72,6 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 81,2, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 1,5, басқа себептер бойынша - 17,3 пайызды құрайды», делінген хабарламада.
09:37, 12 Қараша 2011
Қазанда 80 мыңға жуық адам жұмысқа қабылданды
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазанда 80 мыңға жуық адам жұмысқа қабылданды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.