«Іс-шараға қатысушылар саны, сондай-ақ ұсынылатын фильмдер саны жыл өткен сайын артып келеді. 2005 жылы бірінші фестивальге 12 елден 40 жұмыс түссе, ал бүгінгі фестивальге 56 елден 967 өтініш жіберілген», - деді ол.
Ашылу рәсіміне Татарстанның тұңғыш президенті, мәдениетаралық диалог бойынша ЮНЕСКО арнайы елшісі және мемлекеттік кеңесші Минтимер Шаймиев, ЮНЕСКО-ның бұрынғы басшысы Ирина Бокова, актерлер Эммануил Виторган, Марат Башаров, Ирина Алферова қатысты.
Конкурстық бағдарламаның фильмдерін 11 елден 12 сарапшы бағалайтын болады.