Ведомствоның ақпаратына қарағанда, ауыл шаруашылығында баға бір ай ішінде 9,2, көтерме саудада - 2,3, өнеркәсіпте - 1,7, құрылыста 0,6 пайызға өсті. Тарифтер жүк көлігімен тасымалдауға 0,1 пайызға жоғарылады, ал заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне - 0,3 пайызға төмендеді.
16:56, 06 Қараша 2012
Қазанда инфляция 0,7 пайызды құрады - Статистика
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қазан айында инфляция 0,7 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.