Агенттіктің мәліметіне қарағанда, Астана халқының саны 1 қазанда жыл басынан бері 27,5 мың адамға өсіп, 770,4 мың адамға жеткен. Бұл ретте елордадағы халықтың табиғи өсімі 11,8 мың адамды құрайды, ал миграциялық өсімі 15,7 мың адамға жеткен.
Алматы халқының саны қаңтар-қыркүйекте 16,4 мың адамға артып, 1 млн. 466,8 мың адамға жетті. Алматыдағы халықтың табиғи өсімі 11,3 мың адамды құраса, миграциялық өсімі 5,1 мың шамасында болған. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысынан басқа облыстардың халқының саны қаңтар-қыркүйекте өскен. Ең жоғары көрсеткішке Оңтүстік Қазақстан облысы ие болып, аталған өңірдегі өсім 45,5 мың адамды құраса, халық саны 2 млн 667,1 мың адамға жетті. Алматы облысындағы өсім - 28,8 мың, 1 млн 938,2 мың адам, Маңғыстау облысында - 17,7 мың адам, 563,4 мың адам болды.