Қазанда Ресей тарихында алғаш рет тәулік бойы Құран оқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның бас мешіті «Құл Шарифте» 2 қаңтардан бастап тәулік бойы құран оқылады. Енді қасиетті кітаптың сүрелері мешітте мәңгі айтылып тұрмақ, деп хабарлады ТАСС Татарстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ахмад Халиковке сілтеме жасап.

«Бұл бүкіл Ресей үшін бірегей оқиға, өйткені елімізде Құранды тәулік бойы оқу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Күн сайын 24 сағат бойы татарстандық хафиздер еліміздің игілігі мен гүлденуі үшін жылдың барлық кезеңдерінде Құран мәтінін оқиды», - деді Халиков. Оның айтуынша, Қазан Мұхаммед пайғамбар жеткізген Құранның қасиетті сүрелерін тәулік бойы оқитын Ыстамбұлдан кейінгі әлемдегі екінші қала болды».

Бүгін түнде бүкіл әлем мұсылмандары Мәуліт-ән-Нәби мерекесін - Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өтеді. Құранды тәулік бойы оқу - біздің пайғамбарымызға деген құрметіміз», деп атап көрсетті Халиков.