Қазанда зейнеткерлерді өлтірумен айналысқан қылмыскер іздестірілуде

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Татарстанның тергеу комитеті Қазан қаласының зейнеткерлерін өлтірген және тонаған қылмыс  жөніндегі бірнеше істі біріктірді.

Бұл туралы бүгін Тергеу комитетінің Татарстан бойынша  басқармасының сайтында  хабарланды.

Тергеу нұсқасы бойнша қалада бірнеше адам өлтірген қанқұйлы қылмыскер жүр. Тонаушы және кісі өлтіруші 2011 жылдың көктемінен бері қылмыстық бірнеше әрекеттерді жүзеге асырған. Олар жеті кейуанаға шабуыл жасаған, олардың біреуі ғана тірі қалған, деп хабарлайды Интефакс.

Соңғы өлтірілген зейнеткер әйелдің денесі 8 наурыз күні табылды. Тыустары 82 жастағы кейуананы мерекемен құттықтауға келген, бірақ ол есік ашпаған. Туыстары кілтті көршілердегі қосалқы ашқышпен ашып кірген. Зейнеткер халаттың белбеуімен буындырылып өлтірілген.

Пәтердегі мүліктер шашылып жатқан. Қылмыскер ақша іздеген, бірақ құпия жерге жасырылған ақшаны таба алмаған.  

Тергеушілер кісі өлтіруге күдіктінің белгілерін анықтады. Ол 30-35 жас шамасында, бойы 170-175 сантиметр. Тергеу комитетінің сайтында ер адамның шамамен жасалған суреті берілген

Бірнеше кісі өлтірді деп күдік келтіріліп отырған қылмыскердің жасаған қылмыстарының толық тізімі әзірге жарияланған жоқ. 2011 жылғы желтоқсанда «Казанские ведомсти» газеті 88 жастағы кейуананың және оның 56 жастағы қызының өлтірілгенін жазған болатын.