Қазандағы әуе апатынан Теміртау қаласының тумасы опат болды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Қазандағы ұшақ апатынан Теміртау қаласының тумасы ажыл құшты,

деп хабарлады Tengrinews.kz Татарстан ТЖМ мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды облысының 45 жастағы тұрғыны Юрий Бурдин 17 қараша күні кешке Қазан әуежайында апатқа ұшыраған Boeing ұшағының басқа жолаушылары мен экипаж мүшелерімен бірге қаза тапқан. Сонымен бірге, Қазандағы апатқа ұшыраған ұшақта Ұлыбритания азаматшасы болған.

Еске сала кетейік, Мәскеуден ұшқан «Татарстан» әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы құлаған кезде бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Оның бортында 44 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.