Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әмірзақов мысырлық спортшы Эслам Мохамедтен басым түсті.
Ширек финалда қазақстандық боксшының қарсыласы украиналық Денис Беринчик болады. Жекпе-жек 8 шілде күні өтеді.
Қазақстанның өзге өкілі Бақытжан Қожабековтің (69 келі) алғашқы кездесуі сәтті болмады. Бастапқы турнирде ол Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Андрей Замковқа 1:2 есебімен есе жіберді, деп жазады Baq. kz.