Қазандық құлап, ер адам ажал құшты - СҚО

Фото: None
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Большой Изюм ауылында қазандық ер адамның өліміне себепкер болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше «Ақ-Жар» ЖШС қазандығының бөлмесінде жөндеу жұмыстары кезінде қазандық құлаған. 38 жастағы жұмысшы жарақаттанып, оқиға орнында мерт болды.