— 6–8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы елдің батысында түнде 2 12°С-қа дейін, күндіз 17 22°С-қа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан 3 13°С-қа дейін, күндіз 0, 5°С-тан 5 20°С-қа дейін көтеріледі.
Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0, 7°С, күндіз 2 15°С болады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы 2 8°С-тан 5 10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0, 5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы 12 17°С-тан 17 22°С-қа дейін, таулы аудандарда 4 9°С-тан 9 14°С-қа дейін жоғарылайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 облысында қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпіні 28 м/с-қа дейін жететін желге байланысты ауа райына қатысты ескерту жарияланған болатын.