Қазанның алғашқы күндерінде қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM — 1-3 қазан күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар жел күшейеді.

Елдің батысында ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 3 8 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 15 25 градустан 5 15 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталығында ауа температурасы негізінен 13 23 градус шамасында болады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 20 25 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда ауа температурасы 10 15 градус болады.

Осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте алдағы ауа райы болжамын айтты.