Қазанның 24-і - «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні

АЙҚОҢЫР. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ертең, қазанның 24-і күні - «Байқоңыр» ғарыш айлағында жүздеген адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға 50 жыл болады.

1960-шы жылы осы күні М.Янгель құрастырған Р-16 жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшыраған болатын. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармай толтырылған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге еріксіз қосылып кетіп, соның салдарынан өршіген өрттен және жанармай газынан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың қатарында артиллерияның Бас маршалы М.Неделин, полигоннан сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташевтер болды.

Ал 1963 жылы қазанның 24-інде ғарыш айлағында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. «Р-9А» зымыранын сынақтан өткізу кезінде шахта-ұшыру қондырғысында өрт шығып, апат салдарынан 8 адам қаза тапқан еді.

Жыл сайын қазанның 24-і - «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні ретінде атап өтіледі.